ЖРВИ – бұл жоғарғы тыныс алу жолдарының вирустық инфекциясы. Ол әр түрлі вирустардың әсерінен пайда болады және балаларда жиі кездеседі. Әсіресе күз-қыс мезгілдерінде вирустық аурулардың өршуі байқалады.
ЖРВИ кезінде баланың дене қызуы жоғары көтерілуі мүмкін, жөтел, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы сияқты белгілер пайда болады.
Алдын алу – балалардың денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолы. Баланың иммунитетін күшейту және аурулардың алдын алу үшін келесі кеңестерді сақтау маңызды:
– Дұрыс тамақтану – дәрумендерге бай тағамдарды қолдану қажет;
– Жеке гигиенаны сақтау – қолды жиі жуу, мұрынның шырышты қабатын таза ұстау;
– Үйжайды сумен тазалау, ауаны желдету және ылғалдандыру.
