Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл әлем халқының АИТВ-инфекциясы, жұқтыру жолдары және осы аурудың алдын алу туралы хабардарлығын арттыру мақсатында өткізіледі. 1996 жылдан бастап бұл күн ұйымы ЮНЭЙДС – Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) АИТВ – инфекциясымен күресуге бағытталған бағдарламасының қолдауымен өтті.
Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған АИТВ-инфекциясының алдын алу айлығы өткізіледі.
Акцияның мақсаты қала тұрғындарының, әсіресе жастар арасында АИТВ-инфекциясын жұқтыру және алдын алу мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру болып табылады.

АИТВ дегеніміз не және ол неліктен қауіпті?
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — иммундық жүйені зақымдайтын, организмді жұқпалы және онкологиялық ауруларға осал ететін инфекция. АИТВ-инфекциясы өте келе ЖИТС-ке (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) ауысады.
АИТВ жұқтырудың негізгі жолдары:
Жыныстық қатынас;
Қан (инфекция жұқтырған ине, медициналық құралдар арқылы);
Анадан балаға (жүктілік, босану немесе емізу кезінде).
Білу маңызды: АИТВ сүйісу, қол алысу, ыдыс-аяқты немесе басқа да тұрмыстық заттарды бірлесіп пайдалану арқылы жұқпайды.
Алдын алу шаралары:
АИТВ-инфекциясының алдын алудың негізгі аспектілерінің бірі -салауатты өмір салты. Салауатты өмір салтының негізі – күнделікті дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, денені шынықтыру, толыққанды демалыс, жаман әдеттер мен стресстік жағдайлардың алдын алу.