Сақ болыңыздар!
Кенелерден қорғану — өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтау.
Уақытында вакцина алыңыз, табиғатта сақтық шараларын ұмытпаңыз!
Кене энцефалиті және оның алдын алу шаралары
Көктеммен бірге кене энцефалиті мен боррелиоз сияқты ауруларды тасымалдайтын иксод кенелерінің белсенділігі артады. Олардың белсенді кезеңі — сәуірден күздің соңына дейін, әсіресе мамыр-маусым айларында жоғары болады.
Кене энцефалиті – орталық және шеткі жүйке жүйесін зақымдайтын ауыр вирустық ауру. Ауру 7–14 күн ішінде білінеді, белгілері: қалтырау, қатты бас ауруы, жоғары қызу (38–39°С), жүрек айну, құсу, бұлшық ет ауырсынуы. Ауру мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Алдын алу жолы — вакцинация. Ол табиғи ошақтарда тұратын немесе жұмыс істейтін адамдарға ұсынылады.
